Accessibility links

Кремль "зейнетақы реформасы" терминін қолданбауды нұсқау еткен


Зейнетақы реформасына қарсылық білдіріп шыққан ресейліктер.
Зейнетақы реформасына қарсылық білдіріп шыққан ресейліктер.

Президент әкімшілігі "билікке адал" журналистер мен сарапшыларға, блогерлерге зейнет жасын ұлғайту туралы материалдарда "зейнетақы реформасы" сөзін қолданбау туралы нұсқау берді. Бұл туралы Кремль мен Мемлекеттік думадағы дереккөзіне сілтеп, "Дождь" телеарнасы хабарлады.

Билік "реформа" сөзі халықтың есіне 1990 жылдарды түсіріп, теріс реакция тудыра ма деп қауіптенеді.

Басылым сөйлескен Ресей парламенті төменгі палатасының "өкілі" мұндай нұсқаулық Мемлекеттік думаға зейнет жасын ұлғайту туралы заң жобасы түскенде – маусым айында берілгенін айтты.

Құпия дереккөздің айтуынша, Ресей билігі зейнет жасын ұлғайту идеясының жаппай қолдау таппағанын біледі және оны барынша "дұрыс жеткізудің" амалын іздеп жатыр. Билік мемлекеттің БАҚ-қа "реформа" терминінің орнына "өзгерту", я "зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізу" тіркестерін қолдануды кеңес еткен.


Ресейдің Мемлекеттік думасы зейнет жасын ұлғайту туралы заң жобасын осы аптада бірінші оқылымда қарайды. Осыдан соң парламент каникулға кетеді.

Ресей үкіметі зейнет жасын ерлерге – 65, әйелдерге 63 жасқа дейін ұлғайтуды ұсынған. Әлеуметтанушылар дерегінше, он ресейліктің тоғызы бұл бастаманы қолдамайды. 30 маусымнан бері елдің бірнеше аймағында зейнетақы реформасына қарсы наразылық акциялары өтіп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG