Accessibility links

"Сапат" мектептерінің "экстремистік ұйымдармен байланысы жоқ"


Түркияның Қырғызстандағы елшісі Женгиз Фырат.
Түркияның Қырғызстандағы елшісі Женгиз Фырат.

Қырғызстандағы "Сапат" (бұрынғы атауы "Себат") білім беру мекемесі ешбір экстремистік я заң тыйым салған ұйымдарға қатысы жоғын және өздеріне тиесілі білім беру мекемелері Қырғызстан білім және ғылым министрлігінің тексеруінен өтіп, оқытуға рұқсат алғанын мәлімдеді.

13 шілдеде журналистермен кездескен Түркияның Қырғызстандағы елшісі Женгиз Камил Фырат "Сыпат" түрік мектептері мен лицейлерінің желісін, Бішкектегі "Ала-Тоо" университетін қазір АҚШ-та тұратын діни қайраткер Фетхуллах Гүленнің жақтастары құрды" деп мәлімдеген. Елшінің сөзінше, "мұндай құрылымдар әлемнің 171 елінде бар" және "ешкім бұл елдерде Түркияда 2016 жылдың шілдесінде болған жағдай қайталанбайды деп кепіл бере алмайды".


Анкара Түркияда 2016 жылы шілдеде мемлекеттік төңкеріс ұмтылысына Гүленді кінәлаған. Бірақ ол өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады.

2016 жылы Түркия билігі "гүленшілердің" ықпалы Қырғызстанда да күшті деп, Бішкектен олардың қызметін шектеуге шақырған. Қырғызстанның сол кездегі билігі Анкараның өтінішін орындаудан бас тартты. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев "түрік билігі елдің ішкі тірліктеріне араласып жатыр" деп сөккен.

Қырғызстанда Гүленнің жақтастары ашты деп саналатын білім беру, мәдени мен қайырымдылықпен айналысатын бірнеше мекеме бар.

Оқи отырыңыз: Назарбаевтың «Түркияға бермейтін» мұғалімдері кетуге мәжбүр

Қазақстанда да мұндай мектеп жұмыс істейді. 2016 жылы тамыздың 18-іне Қазақстан білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев «қазақ-түрік лицейлері - қазақстандық мектептер, олар Қазақстан стандарттары бойынша білім беріп келеді және оларды біз бірнеше рет тексергенбіз. Оларға тағатын кінәрат жоқ. Лицейлер бұрынғыдай жұмыс істей береді» деп мәлімдеген.

Былтыр күзде Қазақстандағы қазақ-түрік лицейлері атауы "Білім-инновация лицейі" болып өзгерген.

2016 жылы күзде баспасөз жиынын өткізген Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстандағы түрік мұғалімдерінің жайына тоқталған. Ол: "Түрік мұғалімдердің ішінде "төңкеріске қатысы бары дәлелденді" деген 11 мұғалімді қайтардық. Біраз мұғалім шетелге кетіп қалды. Қалғандарын соңғы келгенде Ердоған мырза тағы да сұрады. Дәлелдесеңдер құқық қорғау органдарын бірге қарастырсын. Қылмысы жоқ адамдарды бере алмаймыз дедім. Ердоған келісті" деген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG