Accessibility links

Трамп Хельсинкиде "сөзден жаңылғанын" мойындады


Ақ үйдегі жиынға келген журналистерге қарап тұрған АҚШ президенті Дональд Трамп.
Ақ үйдегі жиынға келген журналистерге қарап тұрған АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп Хельсинкидегі баспасөз конференциясында айтқан кейбір мәлімдемелерінің "мәнін түсіндіріп берді". АҚШ президентін сынаушылар Трамптың "Ресей президенті Владимир Путинге өз барлаушыларымнан қарағанда көбірек сенемін" дегенін жаппай сынға алған.

17 шілдеде Трамп журналистерді Ақ үйге жинап, "Американың арнайы қызметіне Ресей президентіне қарағанда көбірек сенетінін" айтты.

"(2016 жылғы АҚШ-тағы сайлауға Ресейдің) араласқанын айтқан барлаушылардың шешімін қабылдадым. Алдын ала келісім болған жоқ", - деді Трамп.

Оқи отырыңыз: Путин мен Трамп не талқылады?

Шілденің 16-ы күні Финляндия астанасы Хельсинкиде өткен саммитте Трамп пен Путин екі сағат жеке кездесті. Трамп "АҚШ пен Ресейдің жақсы қарым-қатынасы екі елге ғана емес бүкіл әлемге пайдалы" екенін жеткізген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG