Accessibility links

Иран ядролық келісімнен шыққан АҚШ-ты сотқа берді


Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф. Көрнекі сурет.
Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф. Көрнекі сурет.

Халықаралық сот Иранның өздеріне санкция қойған Вашингтонның әрекетіне шағымданып, АҚШ билігінің үстінен арыз түсіргенін растады. Тегеран Дональд Трамп әкімшілігінің бұл әрекетін "Ирандағы ядролық келісімді бұзу" деп санайды.

Ирандағы ядролық келісім АҚШ пен бес өзге держава арасында жасалып еді. Бірақ 8 мамырда АҚШ "Иран бізді алдады" деп, келісімнен шығатынын мәлімдеген.

Тегеранның АҚШ үстінен шағым түсіргенін 16 шілдеде Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф Twitter парақшасында жазған. Онда "АҚШ президентінің дипломатия мен заңды міндеттемелеріне үстіртін қарауын Иран заң үстемдігіне тапсырады" деп жазылған.

2015 жылы шілдеде Иранға қойылған санкцияларды алып тастау туралы келісімге Иран мен алты мемлекет - АҚШ, Германия, Қытай, Ұлыбритания, Ресей және Франция қол қойған.


Келісім бойынша, Иран уранды байыту бағдарламасын азайтуға, ал халықаралық қауымдастық Тегеранға салынған санкцияларды жұмсартуға міндеттеме алған.

​Батыс елдері Иранды ядролық қару жасауға тырысады деп айыптап келген. Бірақ Тегеран "ядролық бағдарлама тек бейбіт мақсатты көздейді" деп, айыптауды жоққа шығарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG