Accessibility links

Украина экс-министрі Беларусьте босқын мәртебесін алған


Украинаның қорғаныс бойынша экс-министрі Михаил Ежель.
Украинаның қорғаныс бойынша экс-министрі Михаил Ежель.

Украинаның бұрынғы қорғаныс министрі Михаил Ежель өзі 2013-2015 жылдары елші болып қызмет еткен Беларусьте босқын мәртебесін алған. Бұл туралы 5 шілдеді экс-министрді сырттай соттауға рұқсат берген Киевтегі Соломенский аудандық сотының қаулысынан белгілі болды.

Виктор Янукович Украина президенті болып тұрған кезде қорғаныс министрі болған Ежель "елдің қарулы күштерінің қорғанысына нұқсан келтірді" деп күдікке ілінген.

Сот қаулысында: "Әскери барлау бас басқармасының 2017 жылғы 16 мамырдағы анықтамасына сай, Ежельге Беларусь Республикасында босқын мәртебесі берілген. Ол Минскіде отбасымен пәтер жалдап тұрып жатыр", - деп жазылған.

Михаил Ежельдің өзі бұл ақпаратты TUT.BY ақпарат агенттігіне растады: "Иә, мен расымен босқын мәртебесін алдым. Одан бері бір жылдан асты. Қазір отбасыммен Минскіде тұрып жатырмын. Олардың ықтияр хаты бар".

2015 жылдың мамырында президент Порошенко Ежельді Беларусьтегі елші қызметінен алып тастағанымен, ол Украинаға оралған жоқ.

Ежель 2010-2012 жылдары – Украина қорғаныс министрі, 2012 жылдан бастап Украина президентінің кеңесшісі болған. 2013 жылдың сәуірінде Янукович Ежельді Украинаның Беларусьтегі елшісі етіп тағайындады. 2015 жылдың мамырында президент Порошенко оны бұл қызметтен алып тастағанымен, Ежель Украинаға оралған жоқ.

2016 жылдың желтоқсанында Украинаның Бас прокуратурасының бас әскери прокуратурасы Михаил Ежельдің ісін сотқа жіберді.

Оған қарсы екі қылмыстық іс өндірісі ашылған.

Алғашқы істе оның "әскерді тамақтандырған фирмалардың коммуналдық қызметтер ақысын төлеу туралы заңсыз тапсырма беріп, мемлекетке 42,9 миллион гривет шығын келтіргені" айтылады.

Екінші істе "Ресейге екі бомбалаушы ұшақты сатып жібере жаздаған әрекеті" сипатталады. Тергеу амалдарындағы дерек бойынша, мемлекетке келген шығын – 24 миллион гривен.


Ежель айыпталған баптарда "бұл іспен сотталған адам 5-8 жылға сотталады" деген.

Беларусьтен Қырғызстанның экс-президенті Құрманбек Бакиев те саяси баспана алған. 2005-2010 жылдары президент болған оны оппозиция постынан кетірген соң, Бакиев отбасымен бірге елден қашқан. 2010 жылдан бері ол президент Александр Лукашенконың шақыруымен Беларусьте тұрып жатыр. Минксінің іргесінде үй салып, Беларусь паспортын алған ол жергілікті Халықтар достығы орденімен де марапатталған.

Қарай отырыңыз: "Құрманбек, тірімісің? Масадан қорықпасаң Беларуське кел!"

Қырғызстанда Бакиев пен ағасының үстінен оннан астам қылмыстық іс қозғалған. Оның кейбірі бойынша экс-президент сырттай сотталған. Жерді сату айыбынан бөлек ол британ кәсіпкері Шон Дэйлидің өміріне қастандық ұйымдастырды деп те айыпталған. Алайда Қырғызстан билігі экс-президентті қозғалған қылмыстық істің ешбірі бойынша елге қайтара алған жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG