Accessibility links

Келес және Жетісай ауданы әкімдері тағайындалды


Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев (оң жақта) облыстық мәслихат сессиясына қатысып отыр. Шымкент, 10 шілде 2018 жыл.
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев (оң жақта) облыстық мәслихат сессиясына қатысып отыр. Шымкент, 10 шілде 2018 жыл.

18 шілдеде Түркістан облысының әкімі Жансайіт Түймебаев жаңадан құрылған Келес және Жетісай аудандарының әкімін тағайындады. Бұл туралы Азаттыққа облыс әкімінің баспасөз хатшысы Бейсен Тәжібаев айтты.

Бейсен Тәжібаевтың айтуынша, Келес ауданының әкімі болып Ақментай Есбаевты, Жетісай ауданының әкімі болып Жамантай Бейсенбаев тағайындалған.

10 шілдеде облыстық мәслихаттың кезектен тыс 27-сессиясында Сарыағаш ауданы мен одан бөлініп шыққан Келес ауданы және Мақтарал ауданы мен одан бөлініп шыққан Жетісай ауданының аумағын белгілеген. Сессия отырысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев "Сарыағаш ауданының аумағы 117 мың гектар, Келес ауданының аумағы 345 мың 120 гектар, Жетісай ауданының аумағы 104 мың 602 гектар, Мақтаарал ауданының аумағы 80 мың 767 гектар жерді құрайды" деген.

6 маусымда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы жарлық шығарып, Келес және Жетісай аудандары құрылған.

20 маусымда Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп қайта құру туралы жарлық шығарған. Жарлыққа сай, Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласы болды. Ал халқының саны миллионға жеткен Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG