Accessibility links

Вашингтон соты "Ресей агентін" қамауда қалдырды


"Ресей агенті" деп айыпталған Мария Бутина.

Вашингтон соты 18 шілдеде "Ресей үкіметінің агенті" деп айыпталған Мария Бутинаны тергеу амалдары жүргізілгенше қамауда ұстау туралы шешім шығарды. "АҚШ саяси жүйесіне енуге тырысты" деп айыпталған ресейлік студент Мария Бутина айыпты жоққа шығарды.

Прокурорлар сот тыңдауы кезінде Бутина ісінде аталатын екі АҚШ азаматының біріне қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

Сот мұндай шешімге әуелде "келісімге келіп әрекет ету" деп айыпталған 29 жастағы Бутинаны прокурорлар тағы бір баппен - "Ресей үкіметінің агенті болған" деп айыптаған соң келген. Билік "Бутина шетелдік агенттердің тіркелуін міндеттейтін заңды бұзып, Ресей үкіметіне жұмыс істейтіні туралы АҚШ-қа ескертпеді" деген.

Reuters ақпарат агенттігі "Вашингтондағы Америка университетінің студенті қызғылт түсті түрме киімінде тұрды. Адвокаты сотқа оны кінәсіз деп тану туралы өтініш айтқанда ешқандай эмоция танытпады" деп жазады. Прокурор Эрик Майкл Кенсон адвокатқа "ол (Бутинаны айтады) мұнда оқу үшін ғана жүрді дегеніңізбен келіспейміз" деп, "Бутинаны ықпал етуші ретінде құпия кампания жүргізді" деп санайтынын жеткізді.


16 шілде күні Вашингтон сотының прокурорлары жариялаған хабарламада Мария Бутина "америкалық саясаткерлердің көңілін көтеріп, тығыз қатынаста болған. Осы арқылы АҚШ-тың Ұлттық атқыштар қауымдастығын, қару-жараққа мүдделі ірі ұйымдарды іштей білуге тырысқан. Жұмысы жайлы Мәскеудегі шенеуніктерге есеп беріп отырған" деп жазылған.

Кейін АҚШ-тың үлкен алқабилер соты "Кремльдің саясатын жүргізді" деген айыппен ұсталған ресейлік Мария Бутинаға тағылған айыпты қатаңдатқан. АҚШ Әділет министрлігінің жазуынша, Бутина 2015 жылдан шамамен 2017 жылдың ақпанына дейін бұрын Ресей парламентінің мүшесі болған, кейін Орталық банктегі ірі шенеунікке айналған азаматтың нұсқауымен жұмыс істеген

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Ескі әнұран есіңізде ме?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:02 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG