Accessibility links

БАҚ: Полиция Скрипальді кімдердің улағанын анықтады


Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипаль.
Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипаль.

Британ полициясы Ресей барлау қызметінің бұрынғы офицері Сергей Скрипаль мен қызы Юлияны улау туралы тапсырыстың ықтимал орындаушысын тапқан. Бұл туралы Press Association өздерінің дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Тергеушілер Солсбери қаласының көшелеріндегі камералар түсірген видеолар мен Скрипальдердің уланғаны белгілі болғанға дейін бірнеше күн бұрын Ұлыбританияға келгендердің суретін салыстырып, күдіктілерді анықтағанын айтқан. Видеоға қарап, полиция оларды ресейлік азаматтар улады деген қорытындыға келген.

Сәуір айында британдық БАҚ полицияға сілтеме жасап, Скрипальді Ресей қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) бұрынғы офицері, Гордон деген бүркеншік аты бар 54 жастағы адам улағанын хабарлаған. Оның Михаил Савицкис деген жалған аты да бар. Полиция оның ендігі Ресейге кетіп қалғанын айтады. Британ билігі Скрипальді улауға алты адамнан тұратын топ қатысқан деп те долбарлайды.

Наурыздың 4-і күні Солсбериде Ресей Сыртқы барлау қызметінің бұрынғы офицері Сергей Скрипаль мен қызы Юлия уланып, ауруханаға жеткізілген. Лондон олардың СССР тұсында жасалған "Новичок" уынан уланғанын айтып, қастандықты Кремльден көреді. Мәскеу бұған қатысы барын жоққа шығарады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG