Accessibility links

Назарбаев Денис Теннің ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев марқұм спортшы Денис Тен ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақорда таратқан хабарда Назарбаев "Бас прокурор Қайрат Қожамжаровқа және Ішкі істер министрі Қ.Қасымовқа Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Денис Теннің өліміне байланысты істі ерекше бақылауға алуды, сондай-ақ тергеу шараларының егжей-тегжейлі әрі объективті жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырды" деп жазылған.


Назарбаев президент әкімшілігінің басшылығына тергеу барысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырғаны да айтылады.

19 шілдеде Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Денис Тен 25 жасында пышақ жарақатынан ауруханада қаза тапқан.

Алматы прокуроры Берік Жүйріктаев Денис Теннің қазасына қатысы бар деп күдіктелген азамат кінәсін мойындағанын айтты. Алматыда өткен баспасөз конференциясында прокурор "1994 жылы Жамбыл облысында туған Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы кінәсін мойындап түсінік берді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды" деді.

Екінші күдікті әлі іздестіріліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Денис Теннің қазасы қоғамды тіксінтті

Жергілікті ақпарат агенттіктері Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі сенбі - 21 шілдеде болатынын жазды. Оны Достық ауылындағы мазарға жерлейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG