Accessibility links

Денис Теннің қазасы қоғамды тіксінтті


Денис Тенге пышақпен шабуыл жасалған жердегі спортшының суреті, гүлдер мен шырақтар. Алматы, 20 шілде 2018 жыл.

Қазақстандық танымал спортшы Денис Теннің кісі қолынан қаза табуы қоғамда резонанс туғызды. Әлеуметтік желі қолданушылары Алматының орталығында тападай тал түсте көшеде пышақпен жасалған шабуылға байланысты полицияның жұмысын сынады. Құқық органдары күдікті екі адамның бірі қолға түсіп, "қылмыс жасағанын мойындағаны" туралы хабарлады.

ҚАПЫДА ҚАЗА ТАПТЫ

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстаннның бірнеше дүркін чемпионы, 2014 жылғы Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы Денис Тен шілденің 19-ы күні түстен кейін Алматының орталығында белгісіз адамдар салған пышақ жарақатынан 25 жасында мерт болды. Дәрігерлер көп қан жоғалтып, ауыр жарақатымен Алматыдағы №12 қалалық клиникалық ауруханаға ес-түссіз жеткізілген танымал спортшының өмірін ажалдан арашалап қалу мүмкін болмағанын хабарлады.

Оқи отырыңыз: Олимпиада жүлдегері Денис Тен қайтыс болды

Танымал спортшының кісі қолынан қаза табуы Қазақстан қоғамында резонанс туғызды. Суық хабар тарағалы бері әлеуметтік желілерде марқұмның туыс-туғанына көңіл айтып, биліктен қылмысқа кінәлілерді тауып, жазаға тартуды талап еткен қолданушылар жазбалары толассыз жарияланып жатыр.

Денис Тенге пышақпен шабуыл жасалған жерде спортшыны еске алуға жиналған адамдар. Алматы, 20 шілде 2018 жыл.
Денис Тенге пышақпен шабуыл жасалған жерде спортшыны еске алуға жиналған адамдар. Алматы, 20 шілде 2018 жыл.

Бейсенбінің кешінде жұртшылық Денис Тенге пышақпен шабуыл жасалған Алматыдағы Құрманғазы және Күләш Бәйсейітова атындағы көшелердің қиылысына келіп, гүл мен шырақ қойып марқұмды еске алды.

Астана тұрғындары Денис Тенді еске алуға Есіл өзені жағалауындағы жерге жиналды. Марқұмды еске алу шаралары жұма күні Алматы, Астана, Шымкент пен Оралда жалғасты.

ПРОКУРАТУРА МӘЛІМДЕМЕСІ

Шілденің 20-сы күні таңертеңгі сағат 9-да БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізген Алматы прокуроры Берік Жүйріктаев Денис Теннің қазасына күдікті ретінде ұсталған азаматтың "кінәсін мойындағаны" туралы мәлімдеді.

Прокурор адам қазасына себеп болған оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің "пайдакүнемдік ниетпен топ болып кісі өлтіру" бабы бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

Денис Теннің қазасына қатысты Алматы прокурорының мәлімдемесі:

"Денис Тенді өлтіргенін күдікті мойындады"
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:08 0:00

"1994 жылы Жамбыл облысында туған Нұралы Дәулетбекұлы Қиясов кінәсін мойындап түсінік берді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді прокурор Жүйріктаев.

Ол Денис Теннің қазасын тергеу ісін Қазақстан бас прокуроры Қайрат Қожамжаров жеке бақылауына алғаны туралы хабардар етті.

Мұның алдында, жұма күні таңертең жергілікті агенттіктер Қазақстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Денис Теннің қазасына күдікті екі адамның анықталғаны, олардың бірі ұсталғаны туралы ақпарат таратқан болатын.

Шілденің 20-сы күні түс кезінде Денис Тенге шабуыл жасалған жердегі еске алу шарасын түсіруге барған Азаттық тілшілері сол жерге тергеушілердің күдікті Нұралы Қиясовты тергеу амалдарын өткізу үшін апарғандарын көрді.

Денис Тенге шабуыл жасалған жерге тергеушілер күдіктіні апарды:

Денис Теннің өліміне күдіктіні оқиға орнына әкелді
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:55 0:00

Денис Теннің қазасына екінші күдікті ретінде 1994 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген Арман Бөрібайұлы Құдайбергенов деген азаматқа іздеу жариялағаны туралы хабар тарады. Кей басылымдар күдіктінің суретін де жариялады. Арада бірнеше сағат өткенде, жұманың кешінде ІІМ 23 жастағы күдікті Арман Құдайбергеновтің Алматыдағы мектептердің маңында ұсталғаны туралы хабарлап, арнайы топ ұстаған күдіктінің суретін таратты.

Денис Теннің өліміне күдікті Арман Құдайбергеновті арнай жасақ қызметкерлері ұстап тұр. Қазақстан ішкі істер министрлігі таратқан сурет.
Денис Теннің өліміне күдікті Арман Құдайбергеновті арнай жасақ қызметкерлері ұстап тұр. Қазақстан ішкі істер министрлігі таратқан сурет.

Денис Тенмен қоштасу рәсімі шілденің 21-і, сенбі күні таңертеңгі сағат 10-да Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетіні туралы хабарланды. Марқұмды Алматы қаласы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерлейді.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары 19.10.2018
please wait

No media source currently available

0:00 0:15:39 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG