Accessibility links

Денис Теннің соңғы сапары

Шілденің 21-і күні Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, екі мәрте әлем чемпионатының жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы Денис Тенді соңғы сапарға шығарып салды. 25 жастағы өнерлі жігіт
шілденің 19-ы күні Алматының орталығында пышақпен жасалған шабуыл салдарынан қаза тапқан. Жұма күні Алматы полициясы қылмысқа күдікті екі адамның ұсталғаны туралы хабарлаған.

Денис Тенмен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға мыңдаған адам жиналды. Марқұмды Алматыдағы Достық шағын ауданындағы зиратқа жерледі.

Тағы

16x9 Image

Қуанышбек ҚАРИ

"Шайхана" блогының авторы. Азаттықтың Алматы бюросының бас редакторы болған. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бакалавр дәрежесімен, Тегеран университеті парсы әдебиеті факультетін магистр дәрежесімен тәмамдаған.

Иран телерадиобірлестігі әлемдік қызметінде тілші, кейін қазақстандық бірнеше БАҚ-тың Ирандағы тілшісі қызметтерін атқарған. Қазақстандық ақпарат агенттіктерінде, газет-журналдарда тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың бірінші орынбасары болған. 

XS
SM
MD
LG