Accessibility links

Әлем Денис Теннің өліміне көңіл айтып жатыр


Денис Тен.
Денис Тен.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне әлеуметтік желіде көңіл айтып жатқандар көп. Әлеуметтік желі қолданушыларының арасында Қазақстандағы қауіпсіздікті сынап, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың отставкаға кетуін талап еткендер бар.

Шілденің 19-ы күні Алматыда пышақ жарақатынан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері. екі дүркін әлем чемпионатының жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Денис Тен қаза тапты. Шілденің 20-ы күні Қазақстан Ішкі істер министрлігі Денис Теннің өліміне күдіктілердің ұсталғанын хабарлады.

Қазақстанның бірнеше қаласында спортшының қазасына орай аза тұту шаралары өтті. Денис Теннің жерлеу рәсімі шілденің 21-ы Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында өтеді.

Спортшының өліміне қайғырып көңіл айтып жатқандар арасында спортшылар мен жанкүйерлер бар.

Қазақстандық қоғамдық белсенді Мұхтар Тайжан спортшы өліміне орай Қазақстанда қаралы күн жариялауды ұсынған.

Спортшының қазасына орай қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов те көңіл айтты.

Саясаттанушы Асхат Қасенғали мен журналист Айдын Дүйсенбайқызы Қазақстандағы ұрлықтың белең алып бара жатқанына алаңдайды.

Айдын Дүйсенбайқызы, журналист

Өміржан Әбдіхалықұлы, журналист

Қайрат Нұртас, әнші

2002 жылғы Сочи олимпиадасының чемпионы ресейлік Алексей Ягудин Денис Теннің ата-анасына көңіл айтты.

Мәнерлеп сырғанаудан екі дүркін әлем чемпионы, Пхенчхан олимпиадасының күміс жүлдегері ресейлік Евгения Медведева "Денистің күлкісін ұмыта алмаймын" деп жазады.

Көңіл айтқандар арасында Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах, мәнерлеп сырғанаудан олимпиада және әлем чемпиондары бар

Мәнерлеп сырғанаудан 2010 жылғы Ванкувер олимпиадасының чемпионы Ким Юна (Оңтүстік Корея) "Денис Тен туралы жаңалық ауыр тиді және сене алар емеспін. Денис Тен мықты спортшы және көп адамға үлгі болды. Ол сияқты ұлы және мықты мәнерлеп сырғанаушыны жоғалту үлкен қайғы" деп жазды

Томас Бах, Халықаралық олимпиада комитетінің президенті: "Денис Тен ұлы спортшы және ұлы спорт елшісі болды. Мейірімді және сүйкімді жан еді".

Патрик Чан (Канада), мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионы. "Денис Тенмен мұзда бірге жарысқаныма мақтанамын. Біздің спортты әлемге танытқан мәнерлеп сырғанаушылардың бірі еді".

​Денис Тен 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2014 жылы Сочиде өткен олимпиада ойындарында қола медаль алған. 2015 жылғы "Төрт құрлық чемпионатының" (Азия, Америка, Австралия, Африка елдері қатысатын жарыс) жеңімпазы болған.

Спортшы бірнеше жыл Мәскеуде және Лос-Анджелесте жаттыққан. Ресейлік Татьяна Тарасова және Елена Буянова, Николай Морозовтың қол астында жаттыққан. Денистің негізгі бапкері америкалық Фрэнк Кэрролл еді.

2017 жылы Алматыда өткен Универсиадада чемпион атанған. 2010 жылы - Ванкувердегі, 2018 жылы Пхенчхандағы олимпиада ойындарына да қатысқан. Денис Тен мәнерлеп сырғанаудан олимпиадада және әлем чемпионатында медаль алған алғашқы қазақстандық спортшы. Ол биыл қарашада Ресейде өтетін әлемдік Гран-при жарысына қатысуы керек еді.

Денис Тен өліміне қатысы екі күдікті ұсталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:09 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG