Accessibility links

Ауғанстан вице-президенті Дустумның елге оралуы


Ауғанстан вице-президенті Дустумның елге оралуы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:53 0:00

Ауғанстан вице-президенті Абдул Рашид Дустум 14 айдан кейін еліне оралды. Оның осы аралықта Түркияда болып, емделгені айтылады. Генерал Дустум былтыр мамыр айында саяси қарсыласы Ахмад Ишчиді ұрлап әкетіп, азаптау оқиғасына қатысы бар деген күдікке ілінген соң елден кеткен. Бірақ оған ресми айып тағылмаған. Оны Анкарадан арнайы үкімет ұшағы елге алып келді. Дустумды ресми делегация мен жақтастары күтіп алды. Дустум елге келген кезде Кабул әуежайында қалың топтың арасында жанкешті өзін жарып жіберді. Жарылыс Абдул Рашид Дустумның кортежі әуежайдан шығып кеткен соң болды. Оқиғадан ондаған адам қаза тауып, тағы да ондаған адам жараланды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG