Accessibility links

Трамп: Кампаниямды аңдудың заңсыз екені дәлелденіп жатыр


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Дональд Трамп Федералдық тергеу бюросының (FBI) өзінің сайлау кампаниясын аңдығаны заңсыз екеніне дәлелдер барған сайын көптеп шығып жатыр деп біледі. Бұған дейін FBI-дің соттан Трамптың бұрынғы көмекшісі, Ресеймен байланысы бар деген күдікке ілінген Картер Пейджді аңдуға рұқсат беруді сұраған құпия құжаты жарияланған еді. Twitter-де осы құжатқа қатысты пікір білдірген Трамп Әділет министрлігі мен FBI соттан Пейдждің әңгмелерін тыңдауға рұқсат сұрай отырып, сотты шатастырды деп білетінін жазды.

Дональд Трамп Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына килікпек болғанын арнайы прокурор Роберт Мюллердің тексеруін тағы да сынады. Трамп бұл тергеу заңды бұза отырып алынған мәліметтерге құрылған және ол өзінің қарсыласы - демократтардың саяси мақсатына сай келеді дейді.

21 шілде күні кешке АҚШ-тың әділет министрлігі FBI-дің құпия сауалхатын жариялаған. Онда бюро соттан Пейджді аңдуға рұқсат беруді сұрайды. Хат 2016 жылы қазан айында - президент сайлауына дейін жазылған. Ол кезде Барак Обама президент болып тұрған. Құжатта FBI -дің Пейдж бен Трамп штабының басқа да қызметкерлерінің Ресеймен байланысы бар деп күдіктенетіні айтылған.

Республикашылдар мен президенттің өзі бұған дейін FBI Пейдж туралы ақпаратты Кристофер Стил дайындаған "Трамп туралы деректерден" алғанын айтпай, сотты шатастырған деген пікір білдірген. FBI-дің өзі бұл деректерді сенімді дереккөзі деп санамайды. Демократтар Пейджге қатысты бұдан басқа да дереккөздері болғанын айтады. Картер Пейдж бен Трамп штабының өзге де өкілдеріне қарсы Ресеймен астыртын сөз байласқаны туралы ресми айып әзірге тағыла қоймады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG