Accessibility links

Арменияның экс-президенті наразылықты күштеп басты деп айыпталды


Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарян

Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарянға 2008 жылы наразылық шарасын күштеп басқаны үшін айып тағылды. Бұл наразылық шарасында кемінде сегіз адам қаза тапқан еді. Арменияның арнайы тергеу қызметі Кочарянның конституциялық құрылымды бұзғаны үшін айыпталғанын хабарлады.

2008 жылы президенттік сайлау кезіндегі алаяқтыққа қарсы наразылықтарын білдірген демонстранттарды солдаттар пен полиция алаңнан күштеп қуған.

Кочарянның өзі бұл сайлауға қатыса алмады, бірақ ол "дауысты сатып алды" және "бюллетеньдерді жасанды түрде көбейтті" деген шағымдарға қарамастан жеңімпаз деп танылған Серж Саргсянды қолдады.

Арменияны 10 жыл басқарған Саргсян кейінірек елдің премьер-министрі болды. Алайда жаппай наразылық шараларынан кейін отставкаға кетуге мәжбүр болды.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Зеленский: Заң алдында бәрі тең мемлекет құрамыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:21 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG