Accessibility links

Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша үшінші адам ұсталған


Денис Тен өліміне күдіктілердің бірі. Алматы, 20 шілде 2018 жыл
Денис Тен өліміне күдіктілердің бірі. Алматы, 20 шілде 2018 жыл

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты үшінші адам ұсталған. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов жұма күнгі брифингте хабарлаған.

Ахметжановтың айтуынша, қазіргі кезде екі бап – “топ болып пайдакүнемдік ниетпен қасақана адам өлтіру” және “топ болып пайдакүнемдік ниетпен қарақышылық жасау” баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған.

- Бұл қылмысты жасады деген күдікпен үш адам ұсталған. Үшінші адамға – [қылмысты] хабарламау бойынша айып тағылып отыр. Жеткілікті дәрежеде дәлелдер жиналды, заңдылығын прокурор тексеріп жатыр. Сот қамауға рұқсат берді, - деген Марат Ахметжанов брифингте.

Оның айтынша, бас прокурордың өзі аталған істі бақылауына алған. Іс бойынша процессуалды прокурор тағайындалған.

Бұған дейін Денис Теннің қазасына күдікті ретінде 23 жастағы Арман Құдайбергенов пен 1994 жылы туған Нұралы Қиясов ұсталғаны белгілі болған. Прокуратура өкілдері Қиясовтың Денис Тенді өлтіргенін мойындағанын хабарлаған.

ВИДЕО: Денис Теннің өліміне күдіктіні оқиға орнына әкелді

19 шілдеде Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Денис Тен пышақ жарақатынан ауруханада қаза тапқан. Спортшы қала орталығында көлігінің жанында әлдекімдер салған пышақ жарақатынан ауруханаға жеткізілген соң қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG