Accessibility links

Қырғызстанда қызылшамен ауырғандар саны 350-ге жетті


Қызылшаға қарсы вакцина. Көрнекі сурет

Қырғызстанда қызылшамен ауырған адамдар саны 350-ге жеткен. Олардың жартысына жуығы – балалар. Олардың ата-аналары балаларына екпе салудан бас тартқан.

Бұл туралы республикалық иммунопрофилактика орталығының директоры Гүлбара Ишенапысова Азаттықтың Қырғыз қызметіне хабарлаған.

Оның айтуынша, қызылшаның таралу ошағы 2017 жылы желтоқсанда Ресейден келген мигранттардың балалары болған. Содан бері елде бұл ауруға шалдыққан адамдар саны көбейген. Науқастардың 45 пайызы бір жасқа толмаған балалар. Оларға әлі екпе салынбаған.

Қырғызстанда қызылша эпидемиясы 2015 жылы да байқалған. Ол кезде бұл ауруға 800-ден астам адам шалдыққан.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Негативті емес, позитивті түсіріңдер"
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:41 0:00
XS
SM
MD
LG