Accessibility links

Шымкенттегі базардан ондаған адамды полиция алып кетті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

27 шілдеде Шымкенттегі автокөлік бөлшектерін сататын базарлардың бірінен 63 адамды полицей алып кетті. Бұл туралы Азаттыққа Түркістан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәлімеуінше, Шымкенттегі Абай ауданы әкімшілік аумағына қарасты ең ірі автокөлік саймандарын сататын базарға тексеру жүргізілген. Полицейлер 174 сауда нүктесін тексеріп, сатушыларға Қылмыстық кодекстің 196-бабының ("Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемдену немесе өткізу") негізінде 287 ескерту парағын таратқан.

Оларға "қылмыстылық жолдармен алынғанын біле тұра, мүлікті сатып алғаны" үшін ескерту берген.

ІІД хабарлауынша, 63 адамның кім екенін анықтау үшін полиция бөлімшелеріне жеткізілген. Олардың - басым бөлігі сатушылар.

27 шілдеде таңертең Шымкенттегі "Тұлпар-2030” автокөлік бөлшектерін сататын базарды жүзден аса полицей қоршауға алғаны туралы хабар тараған. Ішкі істер департаменті қалада "Қауіпсіз қала" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүріп жатқанын мәлімдеген.

Оқи отырыңыз: Қазақстан полициясында реформа бола ма?

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді Алматының орталығында пышақтап өлтіру қылмысынан кейін елде полиция базарларды жаппай тексере бастаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG