Accessibility links

АҚШ-та мыңдаған мигрант бала ата-анасымен қосылды


Мигрант балалардың наразылығы. Флррида, 1 маусым 2018 эыл.

Трамп әкімшілігі АҚШ пен Мексика шекарасында отбасынан ажырап қалған 1800-ден астам баланың ата-анасымен қосылғанын хабарлады.

АҚШ мигрант отбасылардың балаларын 2018 жылдың көктеміндегі "шекара бұзғандарды жазалайтын ережеден" кейін алып қойған. Кейін Трамп бұл ережені жойған.

АҚШ билігі 2500 баланы шілденің 25-не дейін ата-аналарына қайтаруы тиіс болған. 26 шілдеде Трамп әкімшілігі "1820 бала ата-анасымен қосылды" деп мәлімдеді. Тағы 378 баланы туысқандары қамқорлығына алған. 700 бала ата-анасынан ажыратылған күйі қалды. Олардың төрт жүзден астамының ата-анасы депортацияланған.

Вашингтон "нөлдік төзімділік" саясатын ұстанғалы 2500 баланы отбасынан ажыратты. Олардың жүзден астамы - төртке толмаған. АҚШ-тың жаңа иммиграция заңына сәйкес, шекараны заңсыз өткендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары 19.10.2018
please wait

No media source currently available

0:00 0:15:39 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG