Accessibility links

Забайкальеде кеншілер аштықты тоқтатты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейдің Забайкалье өлкесіндегі Дарасун алтын өндіру кенішінде жұмыс істейтін шахтерлар аштық жариялауын тоқтатты. Олар жалақыларын ала бастағанын, бірақ наразылықты толық тоқтатпайтындарын мәлімдеді.

Наразы жұмысшылардың бірі Андрей Михеичев ТАСС агенттігіне: "Мамыр айының жалақысы түсе бастады. Бірақ түгел алған жоқпыз, егер дүйсенбіге дейін қарыз ақшамызды қайтармаса, аштық жариялауды жалғастырамыз" деген.

"Роструд" баспасөз қызметі "компания жұмысшыларға 32 миллион рубль қарызының 15 миллион рублін төледі. Қалғанын жақын күндері қайтарады" деп хабарлады.

Бұған дейін 92 шахтер аштық жариялап, 24 шілдеде прокуратура әкімшілік іс қозғаған.

2017 жылы мамырда кеніштің 81 жұмысшысы жалақының үнемі кешіктірілуі наразылық танытып, шахта астынан шықпай қойған. Наразылық акциясы өлке губернаторымен кездесуден кейін тоқтаған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG