Accessibility links

Ресейде зейнетақы реформасына қарсы шерулер өтіп жатыр


Зейнетақы реформасына қарсы шеруге қатысушылар. Новосибирск, Ресей. 28 шілде 2018 жыл.
Зейнетақы реформасына қарсы шеруге қатысушылар. Новосибирск, Ресей. 28 шілде 2018 жыл.

Бүгін Ресейде зейнетақы реформасына қарсы шерулер өтіп жатыр. Елдің шығыс бөлігіндегі бірнеше қалада өткен қарсылық акцияларына мыңдаған адам қатысты.

Шерулердің көпшілігін Ресей коммунистік партиясының жергілікті бөлімшелері ұйымдастырған, бірақ наразылық акцияларына оппозицинер Алексей Навальныйдың жақтастары, "Открытая Россия", "Левый фронт" қозғалыстары мен "Яблоко" партиясының өкілдері де қатысқан. Наразылық шеруіне қатысушылар үкімет пен президенттің отставкаға кетуін талап еткен.


Мәскеуде наразылық акциясы Сахаров даңғылында өтеді деп жоспарланған. Шара Ресей коммунистік партиясы ұйымдастыруымен өтпекші. Ресей астанасындағы тағы бір шеруді жексенбіде Навальныйдың жақтастары өткізбек.

Ресей билігі ерлердің зейнетке шығу жасын 60-тан 65 жасқа дейін, ал әйелдердікін – 55-тен 63-ке дейін көтеруді ұсынып отыр. Парламент үкімет әзірлеген заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған. Үкімет зейнетақы реформасын 2019 жылғы қаңтардан бастап енгізгісі келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG