Accessibility links

Зимбабведе президент және парламент сайлауы өтіп жатыр


Сайлау учаскесі алдында президент және парламент сайлауына дауыс беруге кезекте тұрған тұрғындар. Зимбабве, Квекве қаласы, 30 шілде 2018 жыл.
Сайлау учаскесі алдында президент және парламент сайлауына дауыс беруге кезекте тұрған тұрғындар. Зимбабве, Квекве қаласы, 30 шілде 2018 жыл.

Зимбабведе 30 шілдеде ел тұрғындары президент және парламент сайлауына дауыс бере бастады. Зимбабведе 2017 жылы қарашада елді 37 жыл басқарған Роберт Мугабе биліктен күшпен кеткеннен бері бірінші рет сайлау өтіп отыр.

Сайлаудағы негізгі бәсеке президент міндетін уақытша атқарушы 75 жастағы Эммерсон Мнангагва мен оппозициялық MDC-T партиясының басшысы 40 жастағы Нельсон Чамиза арасында өтеді деген болжам бар.

Бұл сайлауда тұрғындар сонымен қатар жергілікті өкілді орган сайлауына да дауыс бермек. Сайлау нәтижелері 4 тамызда жарияланады.

Сарапшылар президент сайлауына түсіп жатқан саясаткерлердің ешқайсысы бірінші турда жеңіске жете алмайды деген болжам айтады. Алғашқы кезеңде кандидаттардың ешқайсысы берілген дауыстың жартысынан астамын жинай алмаса, онда қыркүйекте сайлаудың екінші кезеңі өтеді.

Зимбабвені тәуелсіздік алған 1980 жылдан бері басқарған Роберт Мугабе өткен жылы әскери төңккерістен соң биліктен кеткен.

Оқи отырыңыз: Мугабенің "биліктен біржола кеткені" хабарланды

Сайлауды жүздеген халықаралық бақылаушы қадағалайды.

Оппозиция сайлау қарсаңында заң бұзушылықтар болғанын мәлімдеп, бюллетендер қауіпсіздігіне және сайлаушыларға қысым көрсетілуі мүмкін екеніне алаңдаған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG