Қазақстан ішкі істер министрі Қалмаұханбет Қасымов іссапардан жұмыс орнына оралды деп хабарлады Азаттыққа Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті бастығының орынбасары Олег Иващенко.
Министрлік өкілінің айтуынша, Қасымов іссапарға спортшы Денис Теннің қазасына дейін кеткен, қазір жұмыс орнында. Ол министрдің қайда іссапарда болғанын айтпады.
Оқи отырыңыз: Қазақстан полициясында реформа бола ма?
19 шілдеде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Алматының орталығында пышақ жарақатынан қайтыс болған соң министр Қалмұханбет Қасымовты іздеп, спортшы қазасына байланысты қоғамда резонанс тудырған іс бойынша неліктен мәлімдеме жасамай отырғанын сұрай бастаған. Кейбір қолданушылар Қалмұханбет Қасымов пен Алматы қалалық ішкі істер департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың отставкаға кетуін талап еткен.
ПІКІРЛЕР