Accessibility links

Түркіменстанда дәрі-дәрмек қымбаттады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Түркіменстанда дәрі-дәрмек тағы қымбаттап, тапшылық байқала бастады.

Азаттықтың Түркімен редакциясының хабарлауынша, Ашхабадтың жекеменшік дәріханаларында бір рет пайдаланатын инелер мен медициналық құралдар қымбаттаған. Ал мемлекеттік дәріханаларда баға сәл арзан, бірақ дәрі-дәрмек шектеп сатылып жатыр.

Шетелден әкелінетін дәрілер мен отандық фармакологиялық өнімдердің де бағасы қымбаттаған.

Түркіменстанда дәрі-дәрмек бағасы соңғы рет биыл мамыр айында өскен. Дашогуз облысында көктемде дәрі үш есеге дейін қымбаттаған.

Тәуелсіз сарапшылар Түркіменстандағы бағаның өсуіне доллар бағамының қымбаттауы себеп деп біледі. Қара базарда доллар бағасы күн өткен сайын өсіп жатқанымен, мемлекеттік банктерде 1 доллар бағамы 3,5 манат болып тұр.​

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG