Accessibility links

Қазақстан Қырғызстанға тікұшақпен құтқарушылар жіберді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан Қырғызстанда Скрябин мұздығында тас құлап, зардап шеккен туристерге көмек көрсетуге тікұшақпен құтқарушылар жіберді. Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, республикалық жедел құтқару отрядының тоғыз құтқарушысы "Казавиаспас" мекемесінің тікұшағымен 31 шілде күні таңғы сағат 7 шамасында Алматыдан ұшып кеткен.

30 шілдеде Бішкектен 40 шақырым Скрябин мұздығында жүрген туристерге тас құлап, қазақстандық бір турист қаза тапқаны және бірнеше елдің туристері зардап шеккені хабарланған. Зардап шеккендер арасында қазақстандық өзге үш турист бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG