Accessibility links

Сот Храпуновтарға қарсы істі тоқтатудан бас тартты


Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен әйелі Ләйла Храпуноваға қатысты сот процесіне қатысушылар. Алматы, 26 шілде 2018 жыл

Алматы қалалық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен әйелі Ләйла Храпуноваға қатысты қылмыстық іс бойынша сотталушылардың ісін тоқтату туралы адвокаттар өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, судья Қасым Қалмағамбетов адвокаттардың өтінішін орындаудан "жәбірленуші тарап қарсылық танытқан соң" бас тартқан.

Храпуновтар ісі бойынша негізгі сот отырысы 6 тамызға белгіленген. Сот ашық түрде өтеді.

Ерлі-зайыпты Храпуновтарға “қылмыстық топ құру”, “алаяқтық”, “пара алу” айыптары тағылған. Виктор Храпуновқа сонымен бірге “өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иелену” және "қызмет бабын асыра пайдалану" баптары бойынша айыптар тағылып отыр.

Бұл іс бойынша Храпуновтардан өзге тағы он адам сотқа тартылған. Олардың барлығы Алматы әкімдігінде әр жылдары түрлі қызметтер атқарған. Олар: Яков Заяц, Ғабиден Қайымсұлтанов, Аяр Ілиясов, Қуандық Бискультанов, Абай Сапаров, Алтай Қасымов, Серік Есмұқанов, Айнакүл Садықбаева, Абылайхан Қарымсақов және Абдул-Ғазиз Мұқашев. Бұл азаматтарға ақша жымқыру және қылмыстық топқа қатысы бары туралы айыптар тағылып отыр.


Сот ерлі-зайыпты Храпуновтар мен Аяр Ілиясовты қамау туралы сырттай шешім шығарған. Ал қалған азаматтардан елден кетпеу туралы қолхат алынған.

Бұған дейін ерлі-зайыпты Храпуновтар мен "олардың сыбайласы" деп саналатын Аяр Ілиясов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына тергеуге бірнеше мәрте шақырылған, бірақ олар келмеген.

Алматының бұрынғы әкімі, Қазақстанның бұрынғы энергетика министрі, 69 жастағы Виктор Храпунов қазір Швейцарияда тұрып жатыр. Храпуновқа және оның жақындарына Қазақстан билігі сыбайлас жемқорлық айыптары бойынша іздеу жариялаған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 24.05.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:31 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG