Accessibility links

Бас прокуратура Әблязовті тергеуге шақырды


Астанадағы Қазақстан Бас прокуратурасының ғимараты.
Астанадағы Қазақстан Бас прокуратурасының ғимараты.

Қазақстанның Бас прокуратурасы шетелде тұратын оппозициялық саясаткер, экс-банкир Мұхтар Әблязовті банкир Ержан Тәтішовтің өліміне қатысты тергеуге шақырды. Шақырту туралы ақпарат прокуратураның ресми сайтында жарияланған.

Бас прокуратура аса ауыр қылмыс жасау фактісі бойынша Әблязовқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатқанын мәлімдеді.

Шақыртудағы мәлімет бойынша, күдікті Мұхтар Әблязов 16 тамызға дейін Астанадағы Бас прокуратураға келуі тиіс.

Қазақстан Бас прокуратурасы 4 сәуірде қуғындағы саясаткер Мұхтар Әблязовтің үстінен "банкир Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырды" деген айыппен қылмыстық іс қозғаған.

Осыдан кейін Мұхтар Әблязов Азаттыққа Ержан Тәтішев өліміне қатысты тергеуге және сотқа қатысуға дайын екенін мәлімдеген. Ол сотқа Тәтішев өліміне қатысы бар деп сотталған Мұратхан Тоқмади келсе ғана отырыстарға видео арқылы тікелей қосылатынын айтқан.

Мұхтар Әблязов.
Мұхтар Әблязов.

2004 жылы желтоқсанда аңға шыққанда мерт болған Ержан Тәтішевтің қазасынан кейін "ТұранӘлем" банкі басшылығы қайғылы оқиғаның саяси астары жоқ әрі бәсекелестік тартыстың кесірі деп санамайтындарын мәлімдеген. Ал 2017 жылы құзырлы органдар "Казстройстекло" компаниясының бұрынғы иесі Мұратхан Тоқмәди "Ержан Тәтішевті аңға шыққанда қасақана өлтіргенін және өзіне тапсырысты Мұхтар Әблязов бергенін мойындағанын" мәлімдеген.

Жамбыл облыстық соты 16 наурызда "ТұранӘлем банк" басшысы Ержан Тәтішевтің қазасы бойынша бизнесмен Мұратхан Тоқмәдиді айыпты деп танып, 10 жыл 6 айға соттаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG