Accessibility links

Түркіменстанда студенттерді Түркияға жібермей жатыр


Ашғабад әуежайындағы құжат тексеру (Көрнекі сурет).
Ашғабад әуежайындағы құжат тексеру (Көрнекі сурет).

Азаттықтың Түркімен қызметінің хабарлауынша, Түркияда оқитын түркімен студенттерін Ашхабад әуежайынан ұстап қалып жатыр.

Редакцияға хабарласқан Түркіменстан тұрғынының бірі сіңлісінің басында болып жатқан жайды баяндап берді.

"Менің сіңлім Түркияға ұшу үшін, тиісті құжаттардың бәрін әзірледі. Онда оқу орны жіберген шақырту қағаз да бар. Апта басында ата-анаммен бірге сіңлім Ашхабад әуежайына барған кезде, оны рейске жібермей ұстап қалды", - дейді Түркіменстан тұрғыны.

Осыдан кейін олар Ашхабадтағы миграциялық қызметке барған.

"Ондағылар "Бұл - жоғарыдан келген тапсырма, біз ешнәрсе істей алмаймыз" деді. Қазір жастарға шетелге кетуге тыйым салып жатыр екен", - дейді түркіменстандық әйел.

Азаттық Түркіменстан билігінен бұл ақпаратқа қатысты комментарий ала алмады.

"Хроника Туркменистана" басылымы 25 шілдеде Ашғабад әуежайында Стамбулға ұшатын рейстің 19 жолаушысы жіберілмегенін хабарлады. Олардың барлығы Түркияға оқуға түскісі келетін абитуриенттер болған. Миграциялық қызмет өкілдері елден әскерде борышын өтеген соң ғана шығуға рұқсат берілетінін мәлімдеді. Алайда әуежайдан ұстап алып қалғандар арасында әскери борышын өтегендер де дар. Қыздарға шетелге шығуға шектеу қойылу себебі түсіндірілмеген.


Осыған дейін шетелге жасы 40-қа толмаған түркіменстандықтардың шығуына тыйым салынғаны хабарланған еді. Кейін биліктің жасы 30-ға толмағандардың шетелге шығуын шектеу ниеті бары туралы ақпарат пайда болған.

Түркіменстан билігі елден шығуға шектеу салынғаны туралы ресми түрде жарияламайды.

Болжам бойынша, билік елден кеткен азаматтар Түркіменстанның беделіне нұқсан келтіруі немесе радикалды діни ағымдарға қосылуы мүмкін деп қауіптенеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG