Accessibility links

Зимбабведе сайлаудан кейінгі тәртіпсіздікте 6 адам қаза тапты

Зимбабве астанасындағы демонстранттар мен полицейлер. Хараре, 1 тамыз 2018 жыл.
Зимбабве астанасындағы демонстранттар мен полицейлер. Хараре, 1 тамыз 2018 жыл.

Зимбабведе демонстранттар мен полиция қақтығысып, алты адам қаза тапты деп хабарлады France-Presse агенттігі. Бұған дейін полиция өкілдері үш адамның қаза тапқанын растаған.

Зимбабведегі тәртіпсіздіктер елде президент және парламент сайлауында берілген дауысты санап жатқан тұста болып жатыр. Ел астанасы Харареде іс басындағы президент Эммерсон Харареге қарсылар көшеге шықты. Reuters агенттігінің забарлауынша, демонстранттар көлік шиналарын өртеп, ғимараттарға тас лақтырды. Полиция өкілдері демонстранттарға қарсы қалаға әскери техника жіберді.

Полиция наразыларға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданып, су шашты. Еуропа Одағы Хараредегі полицияның әрекетін айыптады. Брюссель Зимбабве билігін ұстамдылық танытуға, ал демонстранттарды заңды сақтауға шақырды.

Хараредегі қақтығыс жергілікті сайлау комиссиясы ел парламенті - Ұлттық ассамблеяға сайлаудың алғашқы нәтижелерін жариялаған соң басталды. Ресми мәлімет бойынша, парламенттегі орынның көпшілігін биліктегі партия иеленді. Ал президент сайлауының ресми нәтижесі әзірге жарияланған жоқ. Оппозиция билікті сайлау нәтижелерін бұрмалау үшін сайлау процесін созып отыр деп айыптайды.

Оқи отырыңыз: Мугабенің "биліктен біржола кеткені" хабарланды

Зимбабвені тәуелсіздік алған 1980 жылдан бері басқарған Роберт Мугабе өткен жылы әскери төңкерістен соң биліктен кеткен.

Зимбабведе 30 шілдеде тұрғындар президент, парламент және жергілікті өкілді органдар сайлауына қатар дауыс берген. Бұл елде 2017 жылы қарашада елді 37 жыл басқарған Роберт Мугабе әскери төңкеріс кезінде биліктен кеткеннен бері бірінші рет сайлау өтіп отыр.

Мугабесіз сайлау және дауыс беруге кезек

Елде дауыс беруге келгендердің кезегі. Хараре, 30 шілде 2018 жыл. 
1/8 Елде дауыс беруге келгендердің кезегі. Хараре, 30 шілде 2018 жыл. 
Зимбабведе 30 шілдеде ел тұрғындары президент және парламент сайлауына дауыс беріп жатыр.
Дауыс беруге келген тұрғындар. Хараре, 30 шілде 2018 жыл. 
2/8 Дауыс беруге келген тұрғындар. Хараре, 30 шілде 2018 жыл. 
Зимбабведе 30 шілдеде ел тұрғындары президент және парламент сайлауына дауыс беріп жатыр.
Елді 37 жыл басқарған 94 жастағы Роберт Мугабе де дауыс беріп жатыр. 30 шілде 2018 жыл. Мугабе 2017 жылы қарашадағы әскери төңкерістен кейін биліктен кеткен. 
3/8 Елді 37 жыл басқарған 94 жастағы Роберт Мугабе де дауыс беріп жатыр. 30 шілде 2018 жыл. Мугабе 2017 жылы қарашадағы әскери төңкерістен кейін биліктен кеткен. 
Зимбабведе 30 шілдеде ел тұрғындары президент және парламент сайлауына дауыс беріп жатыр.
Сайлауға 23 кандидат тіркелген. Бірақ негізгі бәсеке президент міндетін уақытша атқарушы 75 жастағы Эммерсон Мнангагва (суретте) мен оппозициялық MDC-T партиясының басшысы 40 жастағы Нельсон Чамиза арасында өтеді деген болжам бар.
4/8 Сайлауға 23 кандидат тіркелген. Бірақ негізгі бәсеке президент міндетін уақытша атқарушы 75 жастағы Эммерсон Мнангагва (суретте) мен оппозициялық MDC-T партиясының басшысы 40 жастағы Нельсон Чамиза арасында өтеді деген болжам бар.
Зимбабведе 30 шілдеде ел тұрғындары президент және парламент сайлауына дауыс беріп жатыр.
Оппозициялық MDC-T партиясының басшысы 40 жастағы Нельсон Чамиза халық алдында сөз сөйлеп тұр. Хараре, 28 шілде 2018 жыл.
5/8 Оппозициялық MDC-T партиясының басшысы 40 жастағы Нельсон Чамиза халық алдында сөз сөйлеп тұр. Хараре, 28 шілде 2018 жыл.
Зимбабведе 30 шілдеде ел тұрғындары президент және парламент сайлауына дауыс беріп жатыр.
Дауыс беріп жатқан тұрғындардың бірі. Хараре, 30 шілде 2018 жыл. 
6/8 Дауыс беріп жатқан тұрғындардың бірі. Хараре, 30 шілде 2018 жыл. 
Зимбабведе 30 шілдеде ел тұрғындары президент және парламент сайлауына дауыс беріп жатыр.
Дауыс берушілердің ұзын-сонар кезегі. Сарапшылар президент сайлауына түсіп жатқан саясаткерлердің ешқайсысы бірінші турда жеңіске жете алмайды деген болжам айтады. Алғашқы кезеңде кандидаттардың ешқайсысы берілген дауыстың жартысынан астамын жинай алмаса, онда қыркүйекте сайлаудың екінші кезеңі өтеді. Хараре, 30 шілде 2018 жыл. 
7/8 Дауыс берушілердің ұзын-сонар кезегі. Сарапшылар президент сайлауына түсіп жатқан саясаткерлердің ешқайсысы бірінші турда жеңіске жете алмайды деген болжам айтады. Алғашқы кезеңде кандидаттардың ешқайсысы берілген дауыстың жартысынан астамын жинай алмаса, онда қыркүйекте сайлаудың екінші кезеңі өтеді. Хараре, 30 шілде 2018 жыл. 
Зимбабведе 30 шілдеде ел тұрғындары президент және парламент сайлауына дауыс беріп жатыр.
Халықаралық бақылаушылар Зимбабведегі сайлаудың ұйымдастырылуын сынады. 
8/8 Халықаралық бақылаушылар Зимбабведегі сайлаудың ұйымдастырылуын сынады. 
Зимбабведе 30 шілдеде ел тұрғындары президент және парламент сайлауына дауыс беріп жатыр.
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG