Accessibility links

Түркия мен АҚШ "келіспеушілікті бірге шешпек"


Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу (сол жақта) АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен кездесіп тұр. Вашингтон, 4 маусым 2018 жыл.
Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу (сол жақта) АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен кездесіп тұр. Вашингтон, 4 маусым 2018 жыл.

АҚШ пен Түркия арадағы кейбір шиеленісе бастаған мәселелерді шешуде жақынырақ жұмыс істесуге уағдаласты деп мәлімдеді 3 тамызда Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу. Түркия министрі бұл жайында Сингапурде аймақ елдері сыртқы істер министрлерінің жиынында АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен кездесуінен соң айтты. Кездесуден соң сөйлеген Чавушоглу келіссөздің "пайдалы" болғанын мәлімдеді.

Екі ел сыртқы істер ведомстволарының басшылары Вашингтон Түркия билігі америкалық пасторды "терроризмге қолдау көрсетті" деген айыппен соттауына байланысты түркиялық екі министрге санкция салған соң кездесіп отыр. Түркия АҚШ-тың санкция салуын "жөнсіз" деп атаған. Екі елдің Сирияға қатысты саясатында да келіспеушілік бар.

Америкалық дін қызметкері 50 жастағы Эндрю Брансон Түркияда 20 жылдан бері тұрады. 2016 жылы ол Түркияда төңкеріс жасау әрекетін тергеу аясында ұсталған. Биыл шілденің соңында билік оны түрмеден үйқамаққа шығарған. Вашингтон бұған дейін Түркия оны еліне қайтарады деп үміттенген. АҚШ президенті Дональд Трамп Түркияға діндарды қудалауын тоқтатпаса санкциялар салынатынын ескерткен еді.

Ақ үй Түркия әділет министрі Абдулхамит Гүл мен ішкі істер министрі Сулейман Сулуды Эндрю Брансонды қамауға алуға және адам құқықтарын бұзкуға қатысы бар деп айыптап, санкция салған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG