Accessibility links

АҚШ "елшіліктегі Ресей тыңшысы" туралы ақпарды терістеді


АҚШ-тағы Құпия қызмет агенті (Көрнекі сурет).
АҚШ-тағы Құпия қызмет агенті (Көрнекі сурет).

АҚШ Құпия қызметі Мәскеудегі АҚҚ елшілігінде он жылдан астам уақыт Ресей тыңшысы жұмыс істеген деген ақпаратты терістеді. Ведомство елшілік қызметкері билікпен өзара қарым-қатынас орнатуға міндетті болғандықтан Ресей арнайы қызмет өкілдерімен байланыста болған деп түсіндіреді.

Құпия қызмет ресейлік әйел қызметкердің құпия ақпаратты білуге рұқсаты болмағанын айтады.

Кеше британдық The Guardian газеті АҚШ елшілігінде ұзақ уақыт Ресей тыңшысы жұмыс істегені туралы хабарлаған еді. Ақпарат басылым сайтында жарияланған. 3 тамыз күні жарық көрген газет бетінде мұндай ақпарат болмады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG