Accessibility links

Ауғанстанда мешіттегі жарылыстан 20 адам қаза тапты


Герат уәлаятында шииттер мешітінде жарылыс болған жерде тұрған ауғане қауіпсіздік қызметкері. Ауғанстан, 25 наурыз 2018 жыл (Көрнекі сурет).
Герат уәлаятында шииттер мешітінде жарылыс болған жерде тұрған ауғане қауіпсіздік қызметкері. Ауғанстан, 25 наурыз 2018 жыл (Көрнекі сурет).

Ауғанстанның Пактиа уәлаятында 3 тамыз күні жанкешті шииттер мешітіне шабуыл жасап, салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тапты. Уәлаят полициясының ресми өкілі Сардар Уәли Табасунның хабарлауынша, жанкешті тұрғындар мешітке жұма намазына жиналған кезде бомба жарған.

Табасунның сөзінше, полиция екінші жанкештіні денесіндегі бомбаны жаруға жеткізбей көзін жойды. Шабуылдан он шақты адам жараланып, ауруханаға жеткізілді.

Әзірге шабуылды ешкім мойнына алмады. Бірақ бұған дейін осындай шабуылдарды Ауғанстанның шығысында әрекет ететін "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы өз содырлары жасағанын мәлімдеген еді.

ИМ Ауғанстандағы азшылықты құрайтын шииттерді "діннен шыққандар" деп таниды және шииттерге жиі шабуылдайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG