Accessibility links

Қазақстан Ресейдің ГЛОНАСС жүйесін әскери мақсатқа пайдаланады


ГЛОНАСС жүйесін таныстыру. (Көрнекі сурет.)

Ресейлік әскерилер аса жоғары дәлдікпен жұмыс істейтін ГЛОНАСС навигациялық ғарыш жүйесінің сигналын Қазақстанның әскери мақсатқа пайдалануына рұқсат берді. Бұл туралы Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап РИА Новости агенттігі хабарлады. Сонымен бірге агенттік сарапшы Виктор Мураховскийдің (оны "Арсенал отечества" журналының бас редакторы деп таныстырған) ГЛОНАСС жүйесі теңіз деңгейінен жоғарыдағы деректерді анықтау үшін қажеттігі туралы айтқан сөзін келтірген.

"Қару-жарақ және әскери техника үлгілерінің, командалық пункттердің орналасқан жерлерін анықтауға, аса жоғары дәлдіктегі әртүрлі қару жүйелері үшін деректерді дайындауға [қажет бұл]. Бұған ұңғылы артиллерия да, дүркіндете ататын реактивтік қару жүйелері де, баллистикалық зымырандар да, позицияларды орналастыру және іс-қимылдың, мысалы, зениттік-зымыран кешендерінің негізгі бағыттарын анықтау да жатады", - деген Мураховскийдің сөзін келтірген басылымдар.


"Информбюро" порталы "Роскосмос" 2017 жылдың соңына дейін Қазақстанның екі қаласы – Астана мен Қызылордада ГЛОНАСС станцияларын орналастыруды жоспарлағанын хабарлаған.

Бұған дейін Ресей Алжир мен Үндістанға ГЛОНАСС сигналын пайдалануға рұқсат еткені туралы ақпарат тараған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Зеленский: Заң алдында бәрі тең мемлекет құрамыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:21 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG