Халықаралық қауымдастық салған санкцияларға қарамастан, Солтүстік Корея 2018 жылы ядролық зымыран сынақтарын жүргізуді жалғастырған. БҰҰ сарапшылары осындай қорытындыға келді деп хабарлайды Reuters.
Солтүстік Кореяның әскери бағдарламасы туралы баяндама БҰҰ-ның санкциялар туралы комитетіне тамыздың 3-і күні ұсынылған. Онда Пхеньянның БҰҰ "Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын елемеуді жалғастырып, мұнай өнімдерін кемемен заңсыз тасымалдауды айтарлықтай еселеп, көмір тасымалын ұлғайтқаны" айтылған. Бұған қоса Солтүстік Корея санкцияға қарамастан 100 миллион доллардың тоқыма матасын экспортқа шығарған. Оны сатып алған елдердің қатарында Қытай, Үндіс.ан, Мексика, Түркия мен Уругвай бар екені айтылған. Солтүстік Корея сонымен бірге Сирия президенті Башар Асадтың әскеріне қару сатуды жалғастырған делінеді.
Осының қарсаңында баспасөз құралдары Ресей БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарына қарамастан Солтүстік Кореяның 10 мың азаматына жұмыс бергені туралы хабарлаған. Сол кезде АҚШ ресейлік "Агросоюз" банкіне қатысты санкция енгізген. Вашингтон ресейлік банк Солтүстік Корея билігімен жұмыс істеген және осы елге шетелден ақша түсуіне септескен деп санайды.
ПІКІРЛЕР