Accessibility links

Ай Вэйвэйдің Пекиндегі шеберханасын бұзды


Қытайлық диссидент суретші Ай Вэйвэй.
Қытайлық диссидент суретші Ай Вэйвэй.

Қытайдың құқық қорғаушыларына қолдау білдіріп, билігін сынайтын диссидент суретші Ай Вэйвэйдің Пекиндегі шеберханасын сүріп тастаған. Суретші өзі жұмыс істеген ғимаратты ескертпестен бұзып тастағанын айтады.

Ай Вэйвэйдің шеберханасы он жылдан астам уақыт жұмыс істеп келген. Билік оны жалдау туралы келісімнің мерзімі аяқталған дейді. Шілденің соңында осы аудандағы бірнеше басқа галерея өздерін шығарғалы жатқандарын, ал сол төңіректі өзгерту жоспарланып отырғаны туралы хабарлаған.

Ай Вэйвэйдің есімі әлемнің көптеген еліне танымал. 2011 жылы Қытай билігі суретшінің паспортын алып қойған. Ол төрт жыл бойы үйқамақта отыруға мәжбүр болған. Қытайдағы интернеттің іздеу жүйесінде оның аты-жөнін бұғаттап тастаған. 2015 жылы Ай Вэйвэй Берлинге көшіп, сонда студиясын ашқан.


Ай Вэйвэй Пекиндегі олипиадалық стадион жобасы авторларының бірі ретінде әлемге танылған. 2011 жылы Art Review журналы қазіргі заманғы ең ықпалды өнер қайраткерлері тізімінде Ай Вэйвэйді бірінші орында атаған.

2015 жылы Ай Вэйвэй Инстаграмдағы парақшасына Қазақстанның Жаңаөзен қаласында 2011 жылғы мұнайшылар ереуілінің белсендісі болған және кейін сотталған Роза Төлетаеваның суретін салып, оның астына "құқыққорғаушы әйел 2011 жылғы Жаңаөзендегі жұмысшыларды қолдағаны үшін сотталған" деп жазған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG