Accessibility links

ОАР-да қаза тапқан журналистерді Мәскеуге жеткізді


Орталық Африка республикасында қаза тапқан ресейліктер – журналист Орхан Джемаль, режиссер Александр Расторгуев пен оператор Кирилл Радченконың сүйектері Мәскеуге жеткізілгені туралы ТАСС агенттігі хабарлады. Джемальдің досы Максим Шевченконың айтуынша, Ресей Тергеу комитетінің сараптама жүргізуіне кемінде екі тәулік қажет болады.

Орхан Джемальді тамыздың 8-і күні жерлейді деген ақпарат бар. Оның жаназасы Мәскеудегі собор мешітінде шығарылады. Расторгуев пен Радченконы қашан жерлейтінін әзірге хабарлаған жоқ.


Орхан Джемаль, Кирилл Радченко мен Александр Расторгуев шілденің соңында Орталық Африка республикасында кісі қолынан қаза тапқан. Үшеуі ол елге ресейлік "Вагнердің жеке меншік әскери компаниясының" жұмысы туралы деректі фильм түсіруге барған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG