Accessibility links

АҚШ конгресі 2019 жылдың қорғаныс бюджетін қабылдады


АҚШ Конгресі, Вашингтон (Көрнекі сурет).
АҚШ Конгресі, Вашингтон (Көрнекі сурет).

АҚШ Конгресі 2019 жылдың қорғаныс бюджетін өте қысқа мерзімде қабылдап, президенттің қол қоюына жөнелтті. Бюджетте қорғаныс саласына бөлінетін қаржыны 2 пайыздан көп мөлшерде көбейту және қарулы күштер қатарын 15 мың 600 адамға ұлғайту қарастырылған.

Құжатта терроризммен күрес аясында Ауғанстан, Сирия, Йемен, Ирак, Нигер, Ливия және Сомалиде жүргізіліп жатқан әскери шараларды қаржыландыру жайы қаралған. Алайда, құжатта Пентагонның бұрынғыдай шағын елдердегі соғыстардан гөрі Қытай және Ресеймен текетіреске көбірек бет бұратыны байқалады.

Конгресс АҚШ Қорғаныс министрлігі сұраған қаржыны ұлғайтып, оған қосымша бір авиа тасығыш қосқан. Әскери-теңіз күштері флотына барлығы 13 жаңа кеме жасауға қаржы бөлінеді. Бұл сан - биыл Ресей әскери-теңіз күштері құрастыруды жоспарлап отырған кемелер санынан екі есе аз.

Сонымен қатар, Ресеймен шектесетін елдердің қорғаныс қабілетін нығайтуға 6,3 миллиард доллар бөлу қарастырылған. Пентагонға бұған қоса Польшада тұрақты түрде АҚШ әскерін ұстау мүмкіндіктерін ойластыру тапсырылған.


Конгресмендер Қытайдан азаматтық әрі әскери мақсаттағы технологияны экспорттауды да қатты шектеген. АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис конгресті Ақ үй әкімшілігінен Ресейден қару-жарақ немесе оған қосалқы бөлшек сатып алатын елдерге қатысты санкцияның орындалуын талап етпеуге көндірді. Министр бұл жерде АҚШ-пен әскери ынтымақтастықты кеңейткеніне қарамастан әлі де Ресей қару-жарақ экспортына тәуелді Үндістан мен Вьетнамды меңзеп отыр.

Қорғаныс бюджетін конгрестің қос палатасы көпшілік дауыспен қабылдады. Бюджет жобасына қарсы дауыс бергендер қатарында үш демократ сенатор - камала Харрис, Элизабет Уоррен және Кирстен Джиллибрандт бар. Олар 2020 жылы өтетін президент сайлауына ықтимал кандидаттар саналады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG