Accessibility links

ОАР-да қаза тапқан ресейлік журналистер марапатталды


Оңтүстік Африка Республикасында қаза тапқан ресейлік журналистер: (солдан оңға қарай) Александр Расторгуев, Кирил Радченко және Орхан Джемальдің портреттері. Мәскеу, 1 тамыз 2018 жыл.
Оңтүстік Африка Республикасында қаза тапқан ресейлік журналистер: (солдан оңға қарай) Александр Расторгуев, Кирил Радченко және Орхан Джемальдің портреттері. Мәскеу, 1 тамыз 2018 жыл.

Орталық Африка Республикасында (ОАР) қаза тапқан ресейлік журналист Орхан Джемаль, режиссер Александр Расторгуев және оператор Кирилл Радченкоға "Редколлегия" сыйлығы берілді.

Сыйлық ұйымдастырушыларының хабарлауынша, сыйлық "Орхан Джемаль, Александр Расторгуев және Кирилл Радченконың ерекше қызметі - Ресей журналистикасына қосқан үлесін" кеш болса да атап өту үшін беріліп отыр.

Бұған дейін Александр Расторгуевқа қаза тапқан соң Ресейдің кино және телевизия саласындағы "Лавровая ветвь" сыйлығы берілген.

Оқи отырыңыз: ОАР-дағы ресейлік журналистердің қазасы жайлы болжамдар қабыспайды

Джемаль, Расторгуев және Радченконы шілденің соңында ОАР-да "Вагнер" жеке меншік әскери компаниясы жайында деректі фильм түсіріп жүрген жерінде өлтіріп кеткен. Тергеу долбарынша, әлдекімдер журналистерді тонау үшін өлтірген.

Ай сайын берілетін "Редколлегия" сыйлығын 2016 жылы Борис Зиминнің "Среда" қоры тәуелсіз журналистерді қолдау үшін тағайындаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG