Accessibility links

"Допинг қолданған" Азия чемпионы спорттан шеттетілді


Сәбина Әшірбекова Рио олимпиадасына қатысып жатқан сәт. 2016 жыл.
Сәбина Әшірбекова Рио олимпиадасына қатысып жатқан сәт. 2016 жыл.

Көркем гимнастикадан үш дүркін Азия чемпионы, 2014 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері, Рио олимпиадасының қатысушысы қазақстандық Сабина Әшірбекова "допинг қолданғаны үшін" екі жылға спорттан шеттетілді. Бұл туралы Қазақстанның ұлттық антидопинг орталығы хабарлады.

Орталықтың хабарлауынша, Әшірбекова 2017 жылы тапсырған анализдерінен фуросемид, гидрохлортиазид және хлортиазид табылған. Спортшының жазасы 2018 жылдың маусымынан басталып, 2020 жылдың маусымында аяқталады.

Ауыр атлетикадан 2009 жылғы әлем чемпионы қазақстандық Владимир Седов "Пекин олимпиадасында допинг қолданды" деп айыпталып, сегіз жылға жарыстардан шеттетілді. Оның жазасы 2024 жылы аяқталады.

Бұған дейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 2017 жылы күзде допинг ережесін көп бұзған Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Ресей, Қытай, Беларусь, Украина, Түркия сынды елдерді бір жылға жарыстардан шеттеткен. Аталған елдер 2017 жылы Анахаймде (АҚШ) өткен әлем чемпионатына қатысқан жоқ. Бұл елдер 2018 жылдың қазанына дейін ауыр атлетикадан өтетін барлық жарысқа қатыса алмайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG