Accessibility links

Олигарх Усманов "Арсеналдағы" үлесін сатпақ


Әлішер Усманов, ресейлік олигарх.
Әлішер Усманов, ресейлік олигарх.

Ресейлік олигарх Әлішер Усманов ағылшындық "Арсенал" футбол клубындағы 30 пайыздық үлесін сатуға келісті. Усмановтың үлесін клуб акциясының 67 пайызына ие америкалық магнат Стэн Кронке сатып алмақшы. Магнаттың бұдан бөлек, Denver Nuggets баскетбол клубы мен Los Angeles Rams командасы бар. Ол "біріктіріп басқару - командалармен жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін" айтады.

Forbes журналы Усмановтың байлығы $12,5 миллиард долларды құрайтынын, Ресейдің бақуатты кәсіпкерлері тізімінде 10-орында екенін жазған. Ол "Арсеналдағы" үлесін 10 жыл жинаған.

Әзірге клубтың Усмановқа тиесілі бөлігі қаншаға бағаланғаны белгісіз. Сарапшылар акция құны 2,3 милиард доллар тұрады есептейді. Ал Financial Times пен Mirror ақпарат агенттіктері Усмановтың үлесін 550 милион фунт немесе 711 милион доллар деп жобалайды. Стэн Кронке үлесті банк несиесіне сатып алмақ.

"Арсенал" футбол клубы соңғы жылдары Англия чемпионатының үздік төрттігіне кіріп, чемпиондар лигасында ойнап жүр. Клубтың жеке стадиондары бар. Алайда, былтыр команда бас бапкері Арсен Венгер отставкаға кеткен соң тек Еуропа лигасында (2018 - 2019 жылдары) ойнауға жолдама алған.

Усманов өкілдері олигарх "Арсеналды" Ұлыбританиядағы бизнесінің болашағына алаңдап, әлде басқаша себеппен сатып отырғаны туралы айтпайды.

Таяуда Ұлыбританияның Ұйымдасқан қылмыспен күрес агенттігі кибер алаяқтық және экономикалық қылмыс департаментінің басшысы Дональд Тун агенттік "Ресейден шыққан немесе активтері осы елмен байланысты" 120-дан астам ресейліктің дәулетін қалай жинағанын тексеретінін растаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG