Accessibility links

Шешенстан соты "Басаев серіктеріне" екінші рет үкім шығарды


Ресей соты (Көрнекі сурет).
Ресей соты (Көрнекі сурет).

Шешенстан соты "Шәміл Басаев бандасының" ықтимал екі мүшесіне екінші мерзімге өмір бойына бас еркіндігінен айыру жазасын кесті. Ресей Тергеу комитетінің хабарлауынша, Юсуф Крымшамхалов пен Адам Деккушев 1999 жылы Шешенстанда Ресей әскерилерінің көлік колоннасына шабуыл жасады деп айыпталған.

Крымшамхалов пен Деккушевқа заңсыз қарулы топ құрамына кіріп, әскерилер өміріне қол сұқты деп айып тағылған. Тергеушілер долбарынша, олар 1999 жылы 4 қазанда Шешенстанның Червленная станциясы маңында федералдық әскерилер колоннасына шабуыл жасаған. Шабуылдан 15 әскери қызметкер қаза тауып, 28-і жараланған.

2004 жылы сот Крымшамхалов пен Деккушевты Волгодонское мен Мәскеудегі көп қабатты үйлерде болған жарылыстар ісі бойынша өмір бойы бас бостандығынан айырған.

1999 жылы Волгодонск, Буйнак және Мәскеудегі үйлерде болған жарылыстардан 307 адам қаза тауып, 1700-ден астам адам жараланған.

Ресей билігінің мәліметінше, террорлық шабуылдарды Солтүстік Кавказдан шыққан содырлар жасаған. Ресей мен әлемдік қауымдастық бұл шабуылдарға Ресей арнайы қызметі, оның ішінде Федералдық қауіпсіздік қызметінің қатысы бар болуы мүмкін деген болжамды әлі талқылап жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG