Accessibility links

ЕҚЫҰ елдері Ресейді Грузиядан әскерін шығаруға шақырды

Тбилисидегі Ресейдің Грузиядағы басқыншылығына қарсы акция. 7 тамыз 2018 жыл.
Тбилисидегі Ресейдің Грузиядағы басқыншылығына қарсы акция. 7 тамыз 2018 жыл.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) мүше 11 мемлекет Ресей мен Грузия арасындағы соғысқа 10 жыл болғанына байланысты мәлімдеме жасады. "Грузия достары" деп аталатын бейресми топ Мәскеуді Грузияның оккупацияланған аймақтарынан әскерін шығаруға және Абхазия мен Оңтүстік Осетияны тәуелсіз деп танудан бас тартуға шақырады.

"Ресей Грузияға басып кіргеннен он жыл өтсе де біз грузин территориясын оккупациялау тоқтамай отырғанына қатты алаңдаймыз. Біз қақтығысты БҰҰ хартиясы, Хельсинки келісімі және халықаралық құқық нормалары мен принциптері негізінде бейбіт реттеу қажет деп білеміз" делінген мәлімдемеде.

Құжатқа қол қойған елдер Грузияда ЕҚЫҰ бақылаушылар миссиясын құру керегін де ұсынған.

АҚШ Мемлекеттік департаменті де Грузияның халықаралық қауымдастық мойындаған аумағының тұтастығын қолдайтыны туралы мәлімдеме жасады.

Ресей әскері 10 жыл бұрын Абхазия мен Оңтүстік Осетия жағында Грузиямен соғысқан. Ресей және өзін-өзі жариялап алған Абхазия мен Оңтүстік Осетия билігі "Грузияны бейбітшілікке мәжбүрлеу" деп атаған операциясын Грузияның оңтүстікосетиялық бейбіт тұрғындар мен ресейлік бітімгерлерге қарсы басқыншылығына жауап деп біледі. Тбилиси мұны Ресей ұйымдастырған басқыншылық деп атайды.

Ресей мен Грузия арасындағы соғыс

Цхинвали көшесіндегі балалар мен Ресей әскери танкілері. 30 тамыз 2008 жыл.
1/9 Цхинвали көшесіндегі балалар мен Ресей әскери танкілері. 30 тамыз 2008 жыл.
Оңтүстік Осетиядағы Эргнети елді мекені іргесінде тұрған грузин әскерилері. 5 тамыз 2008 жыл.
2/9 Оңтүстік Осетиядағы Эргнети елді мекені іргесінде тұрған грузин әскерилері. 5 тамыз 2008 жыл.
Тбилисиден 80 шақырым жердегі Гори қаласында соғыс барысында жараланған әйел. 9 тамыз 2008 жыл.
3/9 Тбилисиден 80 шақырым жердегі Гори қаласында соғыс барысында жараланған әйел. 9 тамыз 2008 жыл.
Цхинвалиге бет алған Ресей әскери колоннасы. 9 тамыз 2008 жыл.
4/9 Цхинвалиге бет алған Ресей әскери колоннасы. 9 тамыз 2008 жыл.
Цхинвалидегі госпитальда жатқан адамдар, Оңтүстік Осетия. 10 тамыз 2008 жыл.
5/9 Цхинвалидегі госпитальда жатқан адамдар, Оңтүстік Осетия. 10 тамыз 2008 жыл.
Цхинвалидегі босқындар лагеріндегі бала. 12 тамыз 2008 жыл.
6/9 Цхинвалидегі босқындар лагеріндегі бала. 12 тамыз 2008 жыл.
Горидегі госпитальда қаза тапқандар тізімінен туыстарын іздеп тұрған жергілікті тұрғындар. 12 тамыз 2008 жыл.
7/9 Горидегі госпитальда қаза тапқандар тізімінен туыстарын іздеп тұрған жергілікті тұрғындар. 12 тамыз 2008 жыл.
Ресей әскерінен қашқан грузин босқындары жүк көліктерімен Тбилисиге кетіп жатыр. 13 тамыз 2008 жыл.
8/9 Ресей әскерінен қашқан грузин босқындары жүк көліктерімен Тбилисиге кетіп жатыр. 13 тамыз 2008 жыл.
Соғыста қаза тапқан адамды жерлеу. Владикавказ, Солтүстік Осетия. 12 тамыз 2008 жыл.
9/9 Соғыста қаза тапқан адамды жерлеу. Владикавказ, Солтүстік Осетия. 12 тамыз 2008 жыл.
Previous slide
Next slide

26 тамызда Ресей Оңтүстік Осетия мен Абхазияны тәуелсіз мемлекет деп таныған.

Биыл маусымда НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Грузияның альянсқа мүше болатынын мәлімдеген. Ресей президенті Владимир Путин бұған жауабында "альянс шекарасының шығысқа қарай кеңеюі Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне тіке қауіп төндіретінін" айтып, Кремльдің оны "жөн көрмейтінін" мәлімдеген. Ал Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Грузияның НАТО-ға қосылуы "қауіпті жанжалға" ұрындыруы мүмкін екенін ескерткен.

XS
SM
MD
LG