Accessibility links

Ресей мен Грузия арасындағы соғыс

Осыдан тура тоғыз жыл бұрын, 2008 жылғы тамызда, Ресей мен Грузия арасында соғыс басталған еді.

Соғыстың алғышарттары сонау 1990 жылдары, сепаратистік Абхазия мен Оңтүстік Осетия аймақтары Грузиядан "тәуелсіздіктерін жариялаған" кезде басталған. Грузия өкіметі мен оларға бағынудан бас тартқан жікшіл аймақтар арасында сол кезде қарулы қақтығыстар болған. Көп ұзамай сепаратистерге қолдау танытқан Ресейдің ұсынуымен жанжалды реттеу жөніндегі төртжақты (Грузия, Оңтүстік және Солтүстік Осетия мен Ресейдің қатысуымен) келісім жасалған.

1992-2007 жылдары Осетия іс жүзінде Грузия билігінен тәуелсіз өмір сүрді. Грузия сонда да бұларды өз жері санағанымен, Михаил Саакашвили билікке келгенге дейін ол аймақтарға жікшіл бақылау орнатуға тырысқан емес. Грузия президенті болып сайланған соң Михаил Саакашвили елдің территориялық тұтастығын қалпына келтіру мақсаты туралы жариялады.

Ресей бұл кезеңде азаматтық туралы жаңа заң қабылдаған еді, ол бойынша абхаздықтардың 2/3-нен астамы және осетиндердің 80 пайызы Ресей паспортына ие болып үлгерген.

2008 жылы Грузияның Тбилисиге бағынудан бас тартқан аймақтармен тығыз байланыс орнатқан Ресеймен қарым-қатынасы күрт нашарлап кетті. Шілде және тамыз айларында жанжал аймағында атыстар болып, грузин полицейлерінің автокөлігін жарып жберген еді.

Тамыздың 7-і күні Грузия президенті Саакашвили Оңтүстік Осетиядағы сепаратистерге қарсы әскери операцияны бастауға бұйрық берді. Грузия артиллериясы Цхинвалиді атқылап, артынша грузин әскері онда бақылау орнатпақшы болды. Ресей сепаратистердің сөзін сөйледі, Ресейдің сол кездегі президенті Дмитрий Медведев "Грузияны бейбітшілікке мәжбүрлеу" операциясын бастауға бұйрық берген.

Тамыздың 8-і күні таңертең ресейлік әскери ұшақтар Грузия территориясындағы нысандарға әуеден соққы берді. Салдарынан 60 бейбіт тұрғынның қаза тапқаны туралы хабарланды. Елде 15 күнге әскери жағдай енгізілді.

10 тамызда соғыс Цхинвали маңында жүрді, Ресей әскери авиациясы Тбилиси төңірегін бомбалады. Грузия Оңтүстік Осетиядан әскерін әкететіні туралы мәлімдеп, соғысты доғаруды ұсынды. Мәскеу Тбилисиден әскери күш қолданылмайтыны туралы келісімге қол қоюды талап етті. 11 тамызда Ресей қарулы күштері Тбилисиге бағынбайтын аймақтар арқылы Грузия территориясына кірді.

12 тамызда Грузияның Гори қаласына кассеталық бомбалар тасталды. Арасында голландиялық журналист бар кемінде 8 адам қаза тапты. Нидерландтың ресми сарапшылар комиссиясының шабуылды ресейлік армия жасағаны туралы қорытындысын Ресей жоққа шығарды. Сол күні белсенді соғыс қимылдары доғарылды.

16 тамызда Ресей президенті Дмитрий Медведев грузин-осетин жанжалын бейбіт реттеу туралы жоспарға қол қойған соң соғыс аяқталды.

Әскери іс-қимылдар барысында Грузия 400-ден астам адамынан айырылды, Ресей жағынан 70-ке жуық адам қаза тапқан. Соғыстан кейін Ресей өзін-өзі жариялап алған Оңтүстік Осетия мен Абхазияның "тәуеліздіктерін" мойындады. Ресейден соң тағы төрт мемлекет әлгі екі аймақтың "тәуелсіздігін" таныды, солардың арасында Никарагуа мен Науруда бар.

Грузия сепаратистік Абхазия мен Оңтүстік Осетияны Ресей оккупациясындағы өз территориясы санайды және Мәскеуді "елдің территориялық тұтастығына қол сұқты" деп айыптайды.

Еуропа Одағының арнайы комиссиясының қорытындысында Грузия мен Ресейдің соғыс кезінде халықаралық гуманитарлық құқықты бұзғаны айтылған.
Түгел оқыңыз

Цхинвали көшесіндегі балалар мен Ресей әскери танкілері. 30 тамыз 2008 жыл.
1

Цхинвали көшесіндегі балалар мен Ресей әскери танкілері. 30 тамыз 2008 жыл.

Оңтүстік Осетиядағы Эргнети елді мекені іргесінде тұрған грузин әскерилері. 5 тамыз 2008 жыл.
2

Оңтүстік Осетиядағы Эргнети елді мекені іргесінде тұрған грузин әскерилері. 5 тамыз 2008 жыл.

Тбилисиден 80 шақырым жердегі Гори қаласында соғыс барысында жараланған әйел. 9 тамыз 2008 жыл.
3

Тбилисиден 80 шақырым жердегі Гори қаласында соғыс барысында жараланған әйел. 9 тамыз 2008 жыл.

Цхинвалиге бет алған Ресей әскери колоннасы. 9 тамыз 2008 жыл.
4

Цхинвалиге бет алған Ресей әскери колоннасы. 9 тамыз 2008 жыл.

Тағы

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG