Accessibility links

Ақтауда Каспий саммиті басталады


Ақтаудағы "Достық үйі"
Ақтаудағы "Достық үйі"

Ақтауда Астана уақытымен түскі сағат 2-де Каспий саммиті басталады. Қазіргі кезде оған қатысатын бес ел: Қазақстан, Ресей, Иран, Әзербайжан және Түркіменстан елдерінің басшылары түгел келіп қойған. Саммит Ақтаудағы "Достық үйінде" өтеді.

Азаттықтың Ақтаудағы тілшісінің хабарлауынша, қазіргі кезде қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Көшедегі әрбір периметр полицей, солдаттармен күзетіліп тұр.

Саммиттен хабар тарату үшін 300-ге жуық жергілікті және әлем ақпарат құралдарының өкілдері жиналған. Олардың арасында France-press агенттігі, Guardian, Al-Jazeera сияқты халықаралық танымал басылымдар мен агенттіктер бар.

Бүгін Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенциямен қатар қосымша құжаттар қабылданады деп хабарланып отыр.

Каспий теңізін бөлу мәселесі 1992 жылдан бері талқыланып келеді. СССР ыдырап, оның құрамындағы мемлекеттер тәуелсіздігін алған соң Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Түркіменстан мен Иранға екі мыңға жуық су асты жануары мекендейтін, 700-ден астам теңіз өсімдігі бар, мұнай мен газ кеніштеріне бай әлемдегі ең ірі тұйық су қоймасының құқықтық мәртебесін жаңадан анықтау қажет болды.

Аймақтағы биоресурстарды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, мұнай-газ кеніштерін өндіру, кемелер жүрісін реттеу мен тауар тасу мәселелерін шешу үшін ең әуелі теңізбен шектесетін елдер мәміле жасаулары тиіс.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG