Ресейде 15 тамыздан бастап халықаралық әуе рейстеріне билет бағасы бес-жеті пайызға қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы "Авиапорт" порталы хабарлады.
Халықаралық рейстерде қызмет көрсететін шетелдік тасымалдаушылар мен ресейлік әуе компаниялар әуе билеттерінің рубльге шаққандағы бағасы Халықаралық әуе транспорты ассоциациясы (IATA) белгілеген арнайы бағаммен анықталады. Бұл бағам аптасына бір рет Ресей Орталық банкінің сәрсенбіге қараған түндегі валюта бағамына негізделеді.
Бұған дейін IATA бағамы бойынша бір доллар 63 рубль 50 тиын, еуро 73 рубль 50 тиын болған. Өткен аптадан бері рубль бағамы арзандауына байланысты 15 тамызға қараған түнгі бағам біршама көтерілмек.
Ресей Орталық банкінің 14 тамызға белгілеген доллардың ресми бағамы 68 рубль 22 тиын, еуро бағамы 77 рубль 65 тиын болды.
Ресей рубльінің құлдырауына АҚШ санкциясы басты себеп болды. Ресей валютасы БАҚ америкалық сенаторлар жаңа шектеу шараларын дайындап жатқаны туралы хабарлаған соң арзандай бастаған. Жаңа шаралар Ресейге мұнай-газ саласында қолданылатын технология экспорттауды, мемлекеттік банктердің доллармен операция жүргізуін шектеп, Ресейдің мемлекеттік қарыздарына инвестиция құюға тыйым салуы ықтимал.
ПІКІРЛЕР