Accessibility links

Қазақстанда екінші рет ҰБТ тапсыру басталды


Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы агро-техникалық университетте Ұлттық бірыңғай тест тапсырып жатқан абитуриенттер. 20 маусым 2018 жыл (Көрнекі сурет).
Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы агро-техникалық университетте Ұлттық бірыңғай тест тапсырып жатқан абитуриенттер. 20 маусым 2018 жыл (Көрнекі сурет).

Қазақстанда 15 тамызда Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) және Кешенді тестті (КТ) екінші рет тапсыру басталды.

ҰБТ мен КТ-ны алғашқы тестте оқуға түсуге қажетті балл жинай алмаған абитуриенттер, алғашқы екі тестке қатыса алмағандар немесе қатысса да балы жойылған абитуриенттер тапсырады. Тестті екінші рет тапсыратындар ақы төлейді.

Оқи отырыңыз: ҰБТ: телефон тәркілеу мен сұрақ тасу

Ұлттық бірыңғай тест пен кешенді тестті екінші рет 40 мыңнан астам адам тапсырады. Тест 19 тамызға дейін жалғасады және ол елдегі 40 жоғары оқу орнында өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG