Түркия егер америкалық пастор Эндрю Брансонды босатпаса, онда АҚШ бұл елге қосымша санкциялар салуға дайын. Бұл туралы Bloomberg агенттігі АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучинге сілтеме жасап хабарлады.
Брансон Түркияда 20 жыл бойы жұмыс істеген. Анкара оны 2016 жылдың жазында Түркияда болған мемлекеттік төңкеріс әрекетіне қатысы болды деп айыптайды. Прокуратура пасторды 35 жылға бас бостандығынан айыруды сұрайды. Тамыз айының басында АҚШ Түркияның ішкі істер министрі мен әділет министріне қарсы санкциялар енгізіп, АҚШ-қа кіруіне тыйым салған. Анкара да тиісті жауап қайтарды.
15 тамызда Түркия соты Брансонды үйқамаққа шығаруға келіспеді.
10 тамызда Вашингтон Түркиядан импортталатын болат пен алюминийге баж салығын көтерді. Бұл шара Түркия валютасының құнсыздануына әкеліп соқтырды.
ПІКІРЛЕР