Accessibility links

Азиада-2018. Баландин 200 метрлік жүзу жарысына қатыспайды


Дмитрий Баландин Азия ойындары өтетін бассейнде жаттығу жасап жүр. 17 тамыз 2018 жыл. (Сурет авторы-Данияр Майлыбаев, Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті).
Дмитрий Баландин Азия ойындары өтетін бассейнде жаттығу жасап жүр. 17 тамыз 2018 жыл. (Сурет авторы-Данияр Майлыбаев, Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті).

Рио олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин Джакартада өтетін Азия ойындарында 200 метрге брасс әдісімен жүзу жарысына қатыспайды. Бұл туралы спортшы Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетіне берген сұхбатында мәлімдеді .

Дәл осы қашықтықта Баландин 2016 жылғы олимпиадада алтын алған. Спортшының айтуынша, ол тек 50 және 100 метрге брасс әдісімен жүзу жарысына, 4x100 метрлік кешенді эстафетаға қатысады. Баландинның 200 метрлік жарыстан бас тартуына "жарақат себеп болған".

Баландин 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында 50, 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуде үш алтын алған.

Оқи отырыңыз: Қазақстан Азиадада үздік төрттікке енуді жоспарлайды

2018 жылғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты тамыздың 18-і күні Джакарта қаласында өтеді. Қазақстаннан Азиадаға 440 спортшы қатысады.

Қазақстан жазғы Азия ойындарына тәуелсіз ел ретінде жетінші рет қатыспақ. 2014 жылы Инчхондағы Азия ойындарында бұл ел 28 алтын, 23 күміс, 33 қола медальмен Қытай, Оңтүстік Корея және Жапониядан кейінгі төртінші орынды иеленген. Қазақстан Индонезиядағы Азия ойындарында Инчхондағы жетістігін қайталап, үздік төрттікке енуді жоспарлайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG