Accessibility links

"Қырғыз журналисінің өліміне қатысты істе қылмыстық сипат жоқ"


Журналист Уланбек Егізбаев
Журналист Уланбек Егізбаев

Азаттықтың Қырғыз қызметінің журналисі Уланбек Егізбаевтың өліміне қатысты тергеуде әзірге, қылмыстық сипат жоқ деп мәлімдеді Қырғызстанның ішкі істер министрлігінің тергеу қызметінің өкілі Нұрлан Өтемісов.

Оның айтуынша, сот-медициналық сараптаманың қорытындысы журналистің суға батып өлгенін дәлелдеген. Ішкі істер министрлігінің өкілі сараптама қорытындысын ақпарат құралдарына оқып берген.

Өтемісовтың айтуынша, марқұмның қабырғасының жоғары тұсындағы қанталаған жерлер құтқару операциясы барысында пайда болған. Ал шынтақтың иілетін жерінде көрініп тұрған жарақат – Егізбаевты судан алып шыққаннан кейін дәрігер салған инъекцияның ізі болып шыққан.

Журналистер Өтемісовтен мойындағы жарақат туралы сұрағанда министрлік өкілі "оның суға батпай тұрып бұрын пайда болғанын" айтқан. Ал марқұмның аяғындағы іздерді сараптама мамандары тәннің зақымдалуы ретінде қарастырмайтынын айтқан.

Қазіргі кезде журналистің өліміне қатысты "Қауіпсіздік талаптарына сәйкес емес тауар өндіру немесе сату, қызмет көрсету" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұған қоса, полиция Егізбаевқа тірі кезінде түскен бос хаттар мен күдікті телефон қоңырауларын да зерттеп жатыр.

28 жастағы Уланбек Егізбаев 22 шілде күні отбасымен Ыстықкөлдегі пансионатта демалып жатқан кезде қаза тапқан. Ресми мәлімет бойынша, ол суға батып кеткен.

Уланбек Егізбаев 2016 жылы "Арман" ("Мечта") ролигі үшін Webby Awards сыйлығын иеленген. Осыдан тура бір ай бұрын Уланбек Егізбаев "Алтын қалам" сыйлығымен марапатталған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG