Accessibility links

Қытай Пентагон баяндамасы туралы пікірін айтты


АҚШ қорғаныс күштерінің әскери ұшағы
АҚШ қорғаныс күштерінің әскери ұшағы

Қытай сыртқы істер министрлігі Пентагонның қытай әскері туралы жақында жарық көрген баяндамасын “мұқият зерттелмеген” есеп ретінде бағалады. Қытай министрлігі баяндама авторларын “қырғи-қабақ соғыс кезінен қалған ескі көзқарастан арылуға” шақырған.

АҚШ қорғаныс министрлігінің жақында жарық көрген баяндамасында өзге мәселелермен қатар Қытай әскерінің өзге елдерде операциялар жүргізу мүмкіндігін арттыруға күш салып жатқаны туралы айтылған еді.

Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі ұлттық қорғаныс жүйесі “елдің тәуелсіздігін қорғап, территориялық тұтастықтықты сақтап қалуды” көздейді және Қытайдың бұлай істеуге толық құқығы бар деп мәлімдеген.

16 тамызда жарияланған Пентагон баяндамасында Қытай әскері “АҚШ және одақтастарының қарулы күштеріне, сонымен бірге Тынық мұхитының батыс бөлігіндегі әскери базаларға мүмкіндіктерін паш ете алады” деп жазылған.

Қытайдың әскерді жаңарту бағдарламасы ұзақ жылдарға арналған. Бағдарлама "2050 жылға қарай әлемдік стандарт деңгейінде әскер қалыптастыруды" көздейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG